Memkyzmet.kz сайты іске қосылды

919
Memkyzmet.kz сайты іске қосылды

Енді мемлекеттік қызметкерлер аттестация тапсыруда қиналмайтын болды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары сынақ тапсырушыларға көмекші ретінде жаңа бағдарламаны ойлап тапты. Бұл мобилді қосымша арқылы азаматтар емтиханның ережелері мен талаптарын алдын ала біле алады.

Мемлекеттік қызметкерлердің білім деңгейі мен құзыреттілігін анықтайтын сынақтан бірқатары өтіп қойғанымен, алдағы бір жарым айдың ішінде өңіріміздің 6700 қызметкері аттестация тапсыруы тиіс. Осы ретте емтихан тапсырушылар арасында күйзеліске түсіп, қобалжығандар да кездескен. Осыны ескерген облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Али Амантайұлы сынақ тапсырушыларға көмекші ретінде жаңа бағдарламаны іске қостық дейді.

Али Көмекбаев, ОҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы: «Сынақ тапсырушылардың кейбірі білмейді. Тіпті, жұмыстан босатылып кетемін бе деп қорқады. Сондықтан біз жаңа мобилді қосымшаны іске асырдық. Онда барлығы көрсетілген.»

Облыс бойынша 8 мыңнан астам қызметкер болса , соның 6700-і аттестациядан өтуі тиіс. Енді осы азаматтар сынақтан өтуде ізденбей-ақ жаңа memkyzmet.kz сайты арқылы емтиханның күнтізбесімен таныса алады. Онда аттестацияның кестесі мен ережесі, талаптары да толық көрсетілген. Сонымен қатар дайындық ретінде сұрақтар мен жауаптардың үлгілері де жазылған.

Бұл мобилді қосымша алғаш рет Оңтүстікте іске қосылып отыр. Оны кез келген азамат өзінің смартфонына жүктей алады. Жаңадан мемлекеттік қызметке орналасамын деушілерге арнайы тест әзірленген және барлық заңдар жинағы да осында. Сондай-ақ, облыста көрсетілетін 354 қызметке қажетті құжаттың да тізімі бар. Егер қызмет көрсетуші артық құжат талап етіп немесе заң бұзушылық болған жағдайда 51-51-51 желісі арқылы арнайы шұғыл топтың көмегіне жүгінуге болады.

Гүлжан Байназарова