Кәсіптің көзін тапқандар

374
Кәсіптің көзін тапқандар

Кәсіптің көзін тапқандар. Оңтүстікте шаруа қожалықты дамытып, бизнесін дамытқан іскер азаматтар көп. Солардың бірі – қазығұрттық Нұрболат Досханов. Жеке кәсіпкер өз шаруалығында бір емес, бірнеше кәсіптің көзін тауып отыр.

Нұрболат Досханов – нағыз өз ісіне берілген азаматтардың бірі. Үлкен шаруа қожалығының басшысы болса да қорадағы ірі қара малды өзі бағады. Осы кәсібін бастау үшін ол несие алған. Мемлекеттің қолдауымен Нұрболаттың қожалығы үлкен шаруашылыққа айналып отыр.

Нұрболат Досханов: жеке кәсіпкер. «Қазір 150 ірі қара малым бар. Малды бағып, сойып берем. Мал соятын орындарға тапсырам етті. Әр келісін 1150 теңгеден сатам. Еттің бағасы көтеріліп жатыр.»

Ет бағасының көтерілуі Нұрболаттың бизнесіне қолайлы. Бірақ, бұл үшін кәсіпкер етке деген сұраныс жоғары болу керек дейді. Айта кетейік, 2016 жылы Қазығұрт ауданындағы 569 ірі қара мал бордақылау алаңында 9023 бас мал бордақыланып, 14 590 тонна ет өндірілді. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламалары аясында 2855 мал сатып алынған.

Ал Нұрболат жақында мемлекеттік бағдарлама аясында тағы да несие алмақ. Бірақ, бұл жолы жеке кәсіпкер сауын сиырларды сатып алып, болашақта үлкен сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр.

Лаура Мамырова