Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

408
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Оңтүстікте экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымды Арман Сәбитов атқарады.

Арман Сәбитұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын «Азамат-аудит» мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.