Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 37 сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихаттың жаңа төрағасы сайланды. Депутаттар бірауыздан Мұрат Жолдықожаевтың кандидатурасын қолдап, оны Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихаттың бұрынғы төрағасына атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, қала дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ жаңадан сайланған төраға Мұрат Жолдықожаевты жаңа қызметімен құттықтады.
Кезектен тыс сессия барысында кадрлық ауыс түйіс орын алды. Ең алдымен Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді. Мұнан соң, Мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов Қазақстан Республикасының Құрылтайына «ӘDІLET» партиясынан кандидат ретінде тіркелуіне байланысты өз өтінішімен қызметінен босатылды. Сондай-ақ өздері сайланған саяси партиялар қатарынан шығуына байланысты Наимбекова мен Әшірбаевтың депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сонымен қатар, су жаңа төрағаны сайлау бойынша халық қалаулылары өз кандидатураларын ұсынды.
АЛЬБИНА ЕЛШИЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Құрметті депутатар Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы лауазымен кімде қандай ұсыныстар бар? Талғат Балтабаевқа сөз беріледі».
ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Сесия алдында бірқатар әріптестермен ақылдаса келе, ойымыз бір жерден шықты. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы лауазымына өз ісінің маманы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген Мұрат Жолдықожаевті ұсынғымыз келеді».
Жаңадан сайланған мәслихат төрағасы Мұрат Жолдықожаев өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, алдағы уақытта барша депутаттармен бірлесе нәтижелі жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
МҰРАТ ЖОЛДЫҚОЖАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгін міне әріптестерім төрағалығына қолдау білдіріп, ұсыныстарын білдіріп жатыр. Өздеріңізге белгілі саяси науқан келе жатыр. Бірлесе жұмыс істейміз. Баршаңызға алғысымды білдіргім келді. Елдің игілігіне жұмыс істейміз деген ойдамын».
Ал, Қазақстан Республикасының Құрылтайына «ӘDІLET» партиясынан кандидат ретінде тіркелген Бахадыр Нарымбетов, осы уақытқа дейін иық тіресе жұмыс істеген әріптестеріне және қала әкімне алғысын білдірді. Қимай қоштасып жатқанын айтып, алдағы уақытта әлі де бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС ТӨРАҒАСЫ: «Мен үшін сіздермен қоштасу оңай емес. Алты жылға бірге жұмыс жасадық. Әкімдіктің үйлесімді жұмысының нәтижесінде, биіктерге жетіп жатырмыз. Жемісін көрдік. Осының барлығыны ынтымақ бірліктің арқасында. Негізгі мақсат халықтың жағдайын жақсарту, қаламызды көркейту. Экономикамызды дамыту».
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы мәслихат төрағасына қала игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтты. Ал, жаңа сайланған Мұрат Жолдықожаевқа жауапты қызметінде толағай табыс тілеп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан соң, өкілеттіктері тоқтаған Бахадыр Нарымбетов пен Айжан Наимбекова шапан жауып, өз атынан алғыс хатын табыстады.
Осылайша, депутаттар өзара іс-қимылды нығайтуға, қала тұрғындарының мүддесіне бағытталған бастамалардың сапалы жүзеге асуына серпін беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ алдағы саяси науқан барысында жергілікті атқарушы орган мен мәслихаттың өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтініне тоқталды. Осы ретте қала әкімі де, бірлесе жұмыс істеу елдің дамуына серпін беретінін жеткізді.
Нұргүл Жолымбетова






