Анасы соққыға жыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр

450
Жол апатынан ата-анасы мерт болған бүлдіршін есін жиды

Оңтүстікте туған анасы соққыға жыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр. Алты жасар баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты, ауыр дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бұл оқиға осыдан жиырма күн бұрын болған. Ауыр жарақат алған бала Ордабасы аудандық ауруханасына түскен. Мұнда он күндей ем қабылдағанымен, жағдайы ауыр болғандықтан, облыстық балалар ауруханасына 22 мамыр күні ауыстырылыпты.

Болат Нұсқабаев, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты, ауыр. Оның беті мен мойнын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тиісті медициналық көмектің барлығын көрсетудеміз.»

Осы жағдайға байланысты құқық қорғаушылар тексеру жұмыстарын бастап кетті. Қылмысты кодекстің 107-бабы бойынша іс қозғаған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Полицейлердің айтуларынша, қазір сот-медициналық сараптама тағайындалуда.