Салтанат пен Жанат «Kaspi Red клубы Шымкентте іске қосылды» деген сүйінші хабарды ести сала Mega Planet орталығына келді. Мұндағы арнайы орталықта Kaspi Red клубына мүше болды. Бұл үшін жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.
Kaspi Red клуб картасында қаржы лимиті 50 мың, 100 мың, 150 мың теңге шамасында белгіленген. Анығы, сіз сауда жасағанда осы лимит шегінде төлем жасауыңызға болады.
Салтанат 100 мың теңге, ал Жанат 50 мың теңгелік лимитті таңдады. Осылайша Kaspi Red клубына мүше болып қуанған екі ару жаз жақындаған тұста жаңа киім алуды ойлап, ең алдымен Mango дүкеніне бас сұқты. Сан алуан әсем киімнің арасынан керегін тапқан құрбылар алған заттарының ақысын Kaspi Red картасымен төледі.
Салтанат алған заттарының жалпы сомасы 45 мың теңге болды. Ал Жанат болса 21 мың теңгенің көйлегін алды. Kaspi Red клуб картасымен оп-оңай төлем жасауға және алған заттың ақысын артық төлемсіз 3 рет бөліп қайтаруға болатынына көздері жеткен құрбылар енді аяқ киім алуды шешті.
Mega Planet-тегі Intertop аяқ киім дүкені олардың да көңілінен шығатын. Салтанат небір аяқ киімнің ішінен 19 мың теңгеге, Жанат болса 23 мың теңгеге жаздық аяқ киім сатып алды.
Есептеп қарасақ, Салтанат барлығы 64 мың теңгеге, ал Жанат 44 мың теңгеге сауда жасапты.
Бірақ, олар мұны қалтасындағы қаражаттан емес, Kaspi Red клуб картасы арқылы төледі. Енді соманы үш айға теңдей бөліп қайтарады. Жоғарыда айтылғандай, артық бір тиын төлемейді. Екі құрбы алғашқы айда 10 000 теңгеден астам сомаға сауда жасағаны үшін бірден 1 000 Бонус, сондай-ақ 1% Бонус алды.
Осылайша Kaspi Red клуб картасының тиімділігін сезініп, сәнді киім әрі стилді жаздық аяқ киім алған құрбылардың көңілі көтеріңкі. Жаздық гардеробтарын оңтайлы шартпен жаңартып алған қуаныштарын атап өтпек болып, сауық кешіне аттанды.
Kaspi Red клубының Шымкентте 100-ден астам серіктес дүкені бар. Олардың қатарында DeFacto, Intertop, MEXX, LC Waikiki, Kimex, Mon Amie, Ecco, Meloman-MARWIN, Аlser және басқа да танымал брендтерді көруге болады. Дүкендер шымкенттіктердің сүйікті ойын-сауық орталықтары — Shymkent Plaza, Mega Planet, Street, Әл-Фараби, Баян Сұлу және басқаларында орналасқан.
Kaspi Red клубы өз қатысушыларына кез келген затты 3 айға бөліп төлеу құқын сыйлайды. Яғни, сіз Kaspi Red мүшесі қандай да бір зат сатып алсаңыз, оның ақысын 3 айға бөліп төлейсіз. Ешқандай да артық төлем жасамайсыз, үстеме пайыз жоқ. Комиссия да ұсталынбайды. Сондай-ақ әрбір сатып алу кезінде Kaspi Red клубының мүшесіне Бонус беріледі. Шымкент Kaspi Red іске қосылған Қазақстанның үшінші қаласы. Клуб Алматыда 2016 жылдың тамыз айынан, Астанада биылғы жылдың ақпан айынан жұмыс істей бастаған еді.
Бүгінге дейін Kaspi Red мүшелері бөліп төлеу шартымен 400 мыңнан астам зат сатып алып, 250 миллион Kaspi Бонус (1 Бонус = 1 теңге) алды. Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтындағы Red айдарынан білуіңізге болады.
Жәнібек НҰРЫШ