Оңтүстікте анасы аяусыз соққығы жыққан бала мүгедек болып қалуы мүмкін

319

Шымкентте анасынан аяусыз таяқ жеген жеті жасар бала мүгедек болып қалуы мүмкін. Жарақаттың ауыр болғаны соншалықты, оның миы ісіп, басына зақым келген. Дәрігерлер науқас балаға шұғыл түрде ота жасап, оның өмірін аман алып қалды. Қазір балғын облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жиырма күннен бері есін жимаған баланың жағдайы әлі күнге дейін ауыр.

Мұхтар Әбдіқадіров, дәрігер: «Бала ауруханаға түскенде денесінен көгерген іздер, ісік байқадық. Сондай-ақ, беті мен мойны күйген. Негізі, бала 2 мамыр күні Ордабасы аудандық ауруханасына түскен. Алғаш түскен кезінде санавиация қызметімен барып, баланың жағдайын бақылағанбыз. Бала өздігінен дем ала алмай, аппаратта жатты. Кейін жағдайы нашарлап, 9 мамыр күні баланың басына ота жасадық. Қатты жарақаттың салдарынан миы ісіп кеткен. Ота кезінде мидағы қауіпті қайтардық. Бірақ, бала мүгедек болап қалады.»

Осы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құзырлы орган өкілдері анасы баласына қорлық көрсетіп, өлімші етіп сабап тастаған дейді. Қазір осы фактіге байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.