Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

698
Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Шымкент тағы да табиғи күштің ортасында қалды. Егер бірер апта бұрын қаламызда нөсер жауыннан кейін су басса, енді екіпінді жел құтырынды. Таңертеңнен бері күшті дауыл соғып тұрды. Ол туралы құтқарушылар ескерту жасаған да еді.

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Түс қайта долы жел ағаштарды құлатып, шатырлар мен қоршауларды ұшырды. Қазір мамандар табиғи күштен келген шығын көлемін есептеп жатыр. Абырой болғанда жарақат алған адам жоқ секілді. Ал құтқарушылар ертең де екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін деп ескертеді.

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Мамандардың есептеуінше, Шымкентте соққан дауылдың күші секундына 23 метрге дейін жеткен. Қалалық әкімдік өкілдері хабарлағандай, жел, әсіресе, Әл Фараби және Абай аудандары аумағында құтырынды. «Қазгидрометтің» ақпаратына сәйкес, күндізгі сағат 12 шамасында желдің екпіні секундына 13 метрді құраса, сағат 15:00-де 20 метр болды. Ал 15:10-да секундына 23 метрге жетті.

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

– Алдын ала мәлімет бойынша Әл Фараби ауданында табиғаттың дүлей күшінен 24 тал сынып, 8 ғимараттың шатыры ұшып кетті. Ал Абай ауданында желдің екпінінен 2 үлкен ағаш опырылып құлады. Еңбекші және Қаратау аудандарында оқыс оқиға тіркелген жоқ. Бізде 4 көлікке материалдық шығын келді деген мәлімет бар. Олардың иелері өздерінің сақтандыру компанияларына хабарласуы тиіс. Бұл жағдайда әкімдік көліктерді қалпына келтірмейді немесе шығынды өтемейді, – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Айта кетейік, желдің шекті күші секундына 25 метр деп бекітілген. Ал Шымкентте соққан дауылдың екпіні секундына 23 метр болғандықтан, әкімдік зардап шеккендерге ешқандай өтемақы төленбейді дейді.

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Шымкентте дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды