Шымкенттің полицейлері 137 көліктен күңгірт жапсырманы шешті

339
Шымкенттің полицейлері 137 көліктен күңгірт жапсырманы шешті

Шымкенттің полицейлері бір тəуліктің ішінде шаһар аумағында 137 автокөліктің терезесіндегі күңгірт жапсырмаларды алдыртып тастады. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Фэйсбуктегі парақшасында жазды.

«Ескертемін, ешқандай лауазымдар немесе телефондарға хабарласу жауапкершіліктен босатпайды. Барлығыңызды жол қозғалысына қатысты адамдардың өмірі мен денсаулығын ойлауға тағы да шақырамын! Заң алдында барлығы тең!» дейді Данияр Мейірхан.

«Автокөліктің терезелерін күнгірттеу, бұл өзімшілдік емес- ақымақтық және қауіпті тірлік! Жергілікті полиция қызметі жолда тәртіпті орнатуда, яғни ешкімге заң бұзушылыққа баруына жол бергізбейміз» деп қосты полиция қызметкері.