Шымкентте 28 үйді тонаған жігіт ұсталды

318
Шымкентте 28 үйді тонаған жігіт ұсталды

Шымкентте 30-ға жуық үйді тонаған жігіт ұсталды. Оны Қаратау ауданының тәртіп сақшылары жедел іздестіру барысында қолға түсірген. Тергеушілердің айтуынша, күдікті Шымкентке сонау Сарыағаш ауданынан келіп, ұрлық жасап жүріпті. Нақты айтқанда, осы уақытқа дейін 28 үйді үптеп кеткен.

Шымкентте 28 үйді тонаған жігіт ұсталды

Пәтерде ешкім жоқ кезде, терезелерді ашып кірген жігіт үйдегі қолға ілінер заттың бәрін сыпырып кетіп жүрген. Ақша, алтын бұйымдар, ұялы телефондар, теледидар мен бағалы заттардан түк қалдырмаған. Содан кейін ұрлаған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан.

Ұрының әрекетінен тұрғындарға келген шығын көлемі 4 миллион теңгеден астам. Қазір айғақты заттардың біразы тәркіленіп, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.