ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

636
ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Ғимарат барлық қажетті заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл орталықта сотқа дейінгі қылмыстық процестің, атқарушылық өндірістің заңдылығын, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау салалары бойынша прокурорлар қабылдайды.

Орталықты ашудағы негізгі мақсат — азаматтарды қабылдау және прокуратура органдарының өкілеттілігі шеңберіндегі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру дейді жауаптылар.

ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Осылайша прокурорлар мамыр айында берілген уәденің үдесінен шықты. Биыл 29 мамыр күні өткен үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында облыс прокуроры Ибрахим Иманов барлық қолайлы жағдай жасалған азаматтарды қабылдау орталығының ашылатыны туралы айтқан болатын. Енді бүгін халық үшін қызмет ететін арнайы орталық салтанатты түрде ашылды. Қадағалаушы орган өкілдері халыққа жақындаудың тағы бір қадамын жасады. Азаматтарды қабылдау орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 9-дан 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Сонымен бірге облыс прокуртарурасының жанындағы консультативтік кеңес мүшелеріне арналған жұмыс мәжіліс бөлмесі ашылды. Прокурорларға шағымын арқалап жеке қабылдауға келгендер енді кеңес мүшелерінің кеңесін де қол жеткізеді.

Қали Маматаев, облыс прокурорының бірінші прокуроры: «Облыстық прокуратураның жанындағы консультативтік кеңестің құрамында мектеп директоры, ұлттық мәдени орталығының басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, өңіріміз үшін тер төгіп жүрген танымал азаматтар да бар. Прокуратураға шағымын алып келген азаматтарды прокурорлармен бірге консультативтік кеңестің мүшелері де қабылдайды. Өз мұң-мұқтажын емін-еркін, арнайы прокурорлық форма кимеген жандар алдында, яғни консультативтік кеңес мүшелерінің алдында еркін айтқан шағымданушыға құқықтық кеңеспен қоса дұрыс бағыт та беретін боламыз.»

Прокурорлар жақында құқық қорғау қызметтер орталығы құрылып, әлеуметтік шектеулі тұрғындарға нотариус қорғаушы медиатор психологтардың тегін заңды көме көрсетілетін болады.

Жанар Есенбекова