«Латын әліпбиіне әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін»

660

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің өкілі Лаура Жүніс.

      – Елбасымыз, Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани» жаңғыру мақаласын ең алғаш қолыңызға алып оқығанда қандай әсерге бөледі, қандай жауапкершілік жүктеді?

      – Мақаланың арқасында еліміз жаңа кезеңге аяқ басып отыр. «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Туған жер» жобасының берері көп. Ең басымдық бергені, ең басты бағыт «Туған жер» жобасы. Барлық өңірде жобалақ кеңселер жұмыс істеп жатыр. Осы жобалық кеңселер төрт кіші бағдарламалар бойынша жұмыс атқаруда.

     – Күнгейде «Туған жер» жобасы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

     – Кеңселер «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бойынша жұмыс жасап жатыр. Қазір атқарып жатқан саламыз «Тәрбие және білім». Оның өзі үш базалық бағыттан тұрады. Ол «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат». Осы үш базалық бағыттың бізде 22 кіші жобасы бар. Осы жобаның аясында төрт кіші бағдарлама бойынша яғни, «Тәрбие және білім», «Атамекен» жобасы бойынша бізде 64 іс-шара жүзеге асырылды.

    – «100 жаңа есім» жобасы туралы айтып өтсеңіз…

     – Күні кеше дауыс беру аяқталды. Өңірімізден шыққан тұлғалы азаматтарды, меценаттарды жинақтап ұсынған болатын. Нәтижесі жуық арада шығып қалады.

    – Латын харпіне көшу, осы қадамды қаншалықты құп көресіз…

    – Латын харпіне көшуді өз басым құптаймын. Ата-бабаларымыз осы әліпбиді қолданған, 5-15 ғасырда түркі әдебиетінде латын әліпбиін қолданып келді, кейіннен киррилицаға өткені белгілі. Әлемдік деңгейге қосылу үшін бізге өте қажет дүние. Сын пікірлер көп. Оның да пайдасы бар. Үш тілді білім деп жатырмыз. Мектепте латын тілін қолдану қиындық тудырмайды деп ойлаймын. 2020 жылға дейін оқулықтар дайындалса 2025 жылы толық өтетін боламыз. Дүние жүзі елдері қазақ әдебиетін түсініп оқитын болады.

    – Латын харпіне көшудегі мақсат, меже қандай? Осыған ойсайықшы…

     – Дүниежүзінде меамлекеттердің 12 пайызы ғана кириллицаны қолданады. Қалған 80 пайызы латын әліпбиінде жазып, сызады. Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін де барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Мемлекеттік комиссия құрылды. Сыни пікірлерді қаперге алмақ. Кемшіліктерді жөндейді деп ойлаймын. Өзгерістер енгізіледі деген ойдамын. Мұғалімдерге талқылауға бердік. Ұсыныс беріңіздер деп. Соның арқасында өзгерістер болуы да мүмкін. Көбінде апострофтардың болуы халыққа қиындық туғызуы мүмкін. Латын харпіне байланысты көптеген насихат жұмыстары жүргізілуде. Еріктілер тобы құрылған. Ауыл-ауылдарды аралап түсінік жүмыстарын жүргізуде.