Шымкенттегі күзгі жәрмеңке

712
Шымкенттегі күзгі жәрмеңке

Күз күндері соңында таяғанда Шымкентте азық-түліктері жәрмеңкесі қыза түсті. Сондай іс-шаралардың бірі демалыс күндері Нұрсәт шағынауданындағы «Метро» сауда үйінің алдында ұйымдастырылды. Онда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері мен Ресей, Украина елдерінен әкелінген тауарлар жеңілдетілген бағамен сатылды.

Нұрсәт шағынауданында азық-түлік, үйге қажет бұйымдар сататын сауда орталықтары саусақпен санарлық. Сондықтан жергілікті тұрғындар керек-жарағын жәрмеңкелерден түгелдеп қалуға тырысады. Алайда, демалыс күні ұйымдастырылған бұл жәрмеңкенің жарнамасы жер жарса да халық бұл жерден керегін таба алмады. Дегенмен, ұсынылған заттардың бағасы төмен екен дейді тұрғындар.

Шымкенттегі күзгі жәрмеңке

Әдетте самсап тұратын жеміс-жидек, көкөніс өнімдерінің таңдауы да аз. Алай да, күзгі кортоп пен асқабақ пен қауын бұл күні арзан бағамен сатылды. Шұжық, бал өнімдеріне де бар. Сайрамның сүт өнімдері де қолжетімді бағада сатылды.

Күзгі жәрмеңкенің бір ерекшелігі ұсынылған тауарлар арзан болғанмен, өнімдерді бұрыңғыдай шертіп жүріп таңдай алмайсыз. Сауда қатарларында өзіміздің өнімдерден гөрі шекара асып келген тауарлар басым.

Мақпал Рысбаева