Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

610
Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты — көпшіліктің демеуімен науқас бүлдіршіндерге көмек қолын созу. Жиынды ашып, сөз сөйлеген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов форумның маңызына тоқталып, қайырымдылық шараларын үйлестіру бүгінде ассамблея жұмысының басты бағытына айналғанын айтып өтті.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Одан кейін обылстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Әбілқасым Досболов өзінің жеке қаржысынан 1 миллион теңгені қайырымдылыққа бөлетінін айтып, арнайы жәшікке салды, азаматтық танытты.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Форум аясында облыстық әзіл-сықақ театрының әртістері «Ынтымақ әуендері» атты музыкалық комедиясын көпшіліктің назарына ұсынды.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Ал мұқтаж жандарға көмектесуге қашанда әзір екендерін білдірген қайырымды жандар арнайы қойылған жәшікке қаржы салды.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Іс-шара соңында арнайы құрылған комиссияның төрағасы, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің жетекшісі Орынбай Рахманбердиев билеттен және қайырымдылық акциясынан 4 миллион 589 мың 100 теңге жиналғанын, тағы бірқатар жомарт жандардың 1 млн 400 мың теңгені науқас балалардың жеке шотына аударуға уәде бергенін хабарлады.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Жиында 5 баланың ата-анасына 500 мың теңгеден тапсырып, қалған қаржы да толығымен Алматы, Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда ем алу үшін кезекте тұрған оңтүстікқазақстандық балалардың емделуіне жұмсалатыны айтылды.

Айта кету керек, қайырымдылық шарасына «Ордабасы құс» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Амангелді» ЖШС және Қазығұрт ауданының бірқатар кәсіпкерлері белсене қатысты.

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

Бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясының 24-сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі қайырымдылық мақсатындағы іс-шараларды үйлестіруді Қазақстан халқы ассамблеясына жүктеген еді.

Осы бағытта өткен жылы облыс аумағында ассамблеяның ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шаралары үйлестіріліп, 27 мыңнан астам адамға 85 млн теңгенің көлемінде заттай және қаржылай көмек көрсетілді. 6 науқас бүлдіршіннің еліміздегі іргелі медициналық мекемелерде кезексіз ем алуына ықпал етілді. Ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңірдегі 400-ге жуық қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, құны 30 млн теңгеден астам көмек көрсетілді.