Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті

455
Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашылардың Х аймақтық форумы өтті. Іс-шара кітапхананың 6 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған. Қорында 480 мың кітабы бар кітапхананың осы уақытта жеткен жетістігі көп. Биыл балалар бөлімі кішкентай оқырмандарға есігін айқара ашып отыр.

Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті

«Отырар» кітапханасы – тарихи маңызы зор Отырар қалашығына тәуелсіздік жылдарда қойылған ескерткіш. 480 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханада қаламгерлер де бас қосты. «Бір ел – бір кітап» жобасы бойынша жыл кітабын таңдауға тырысты. Бұл да Оңтүстіктің әдеби әлеміндегі игі жаңалықтың бірегейі.

Кітапханашылардың аймақтық форумы өтті

Жиналғандар алдымен Отырар қаласының тарихынан сыр шерткен сахналандырған көріністі тамашалады. Балалар мен жасөспірім таланттар мерекелік салтанаттың көрігін қыздырды. Биылғы жаңалықтың бірі – «Отырар» кітапханасында балалар бөлімі ашылып, кішкентай оқырмандарға есігін айқара ашқан. 12 мың электронды кітап оқырманға ұсынылған.

Бар байлықтың кілті – кітап қорын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу сынды асыл мұратты атқарып жүрген кітапхана ұжымына қолдау көрсетіп, демеушілік жасағандар да баршылық. Бүгін сол руханиятқа жанашырлар да марапатталды.

Жанар Есенбекова