Асылы Осман Оңтүстік жұртшылығымен кездесті

753

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында белгілі қоғам қайраткері, ғалым, мемлекеттік тілдің жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Османның кездесу кеші өтті.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайы кеңінен сөз болған рухани кешке зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

— Әлемде қазақ халқындай жүрегі кең, көңілі дархан ұлт жоқ деп санаймын. Қиын-қыстау кезеңде барша этностарды құшағына алып, бауырына басты. Өз басындағы қиындығына қарамай бір нанын бөліп берді. Ендеше, Қазақтың нанын жеген адам, тілін де білуі тиіс! Дәл қазіргі таңда біз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүрудеміз. Тұрақтылық дегеніміз сол. Болашағымызды баянды ету үшін Елбасымыздың жүйелі саясатын ту етіп, берекелі бірлігімізді бекемдеп, қазақ халқының айналасына топтаса түсуіміз тиіс, — деді Асылы Әлиқызы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Тіл жанашыры «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелердің маңызын сөз етіп, қазақ тілін латын графикасына көшіруді толығымен қолдайтынын білдірді. Елдің берекелі бірлігін сақтап, нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысына да тоқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кездесу еркін пікір алмасуға ұласып, келген көпшілік толғандырған сауалдарына жауап алды. Оның өмірі мен шығармашылығы, қазақ еліне сіңірген қажырлы еңбегі жайлы бейнефильмді тамашалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кеш соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қадірлі қонаққа алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті.