Газ құрылғыларын тексеру күшейтілді

483
Газ мамандары рейдке шықты

Шымкентте сәбиі мен анасы қаза тапты. Алдын ала дерек бойынша, олар иіс тиіп уланған. 1979 жылғы әйел мен оның бес айлық қызының денесі жуынатын бөлмеден табылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Үйді тексерген мамандар газ құбырларынан бірнеше ақау анықтағандарын айтады. Ал көршілерінің сөзінше, азаматша нәрестесімен бірге туысқандарының үйіне қонаққа келген. Қайғылы жағдайға байланысты қазір жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, соңғы екі- үш күнде Шымкент қаласында жеті адам газдан уланап, қаза болды. Күні кеше көпқабатты үйдің пәтерінен әжесі мен үш немересінің денесі табылған болатын. Бүгін олардың денесі жер қойнына тапсырылды. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алған дейді мамандар.

Ал газ шаруашылығы саласының мамандары оқыс оқиғалардың көбеюіне байланысты тексеру жұмыстарын күшейтпек. Мамандар газ құрылғыларын өз мамандарына тексертуді сұранады.