Шымкентте бір жанұя иіс газына уланып, аман қалды

314
Шымкентте бір жанұя иіс газына уланып қалды

Шымкентте улы газға қатысты тағы бір төтенше жағдай тіркелді. Бір жанұя иіс газына уланып қалған. Соның салдарынан бір отбасы мүшелері ауруханаға түсті.

Оқыс оқиға олардың шырт ұйқыда жатқан уақытында орын алған екен. Жанұя мүшелерінің бірі газдың иісін сезіп, тез арада жедел жәрдем шақырған. Мамандар науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазіргі таңда олардың жағдайлары бір қалыпты. Ал төтенше жағдайдың себебі анықталуда.
vlcsnap-2016-04-18-17h50m33s36

Асылхан Мыңбаев, бөлім меңгерушісі: «Бұл науқастар бізге түнгі сағат 4-те жеткізілді. Бір отбасынан үш адам уланып қалған. Науқастарға шұғыл көмек көрсеттік.»

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері иісті газға қатысты 17 жағдай тіркелген. Төтенше жағдайдың салдарынан 45 адам зардап шегіп, 19-ы қайтыс болды.