Иіс газынан тағы бір адам мерт болды

209

улану, жедел жәрдемШымкентте иіс газына қатысты тағы бір қайғылы жағдай болды. Таскен шағынауданында ер кісі уланып, мерт боды.

Бұл туралы төтенше жағдай департаментіне қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері хабарлаған. Анық болғаны, Тәжмұхаммедов көшесіндегі үйде тұратын ерлі зайыптылар уланып қалған. 44 жастағы ер кісі оқиға орнында көз жұмса, 41 жастағы әйелі ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары бұл үйде табиғи газбен жылыту құралы дұрыс қолданылмаған деп, алдын ала болжап отыр. Қазір тексеру жалғасуда.