Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды енді полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков атқарады.
Жуырда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бірқатар облыстық ішкі істер департаменттерінің басшыларын тағайындаған болатын. Осыған дейін ОҚО ІІД басқарған Жанат Сүлейменов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Қайрат Сұлтанбайұлы ОҚО Сайрам ауданының Ақсу ауылында 1963 жылы туған.
1985-1989 жылдары Қарағанды қаласындағы ішкі істер министрлігінің жоғары мектебін тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болып бастаған.
1991-1993 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІБ-да жеке құраммен жұмыс бойынша инспектор қызметін атқарды. 1993-1994 жылдары — Шымкент қаласының ІІБ қылмысты іздестіру бөлімінің мүліктік қылмысқа қарсы күресу бөлімшесінің жедел уәкілі.
1997-1998 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ криминалдық полиция қызметінің қылмысты іздестіру басқармасының ұрлыққа қарсы күресу бөлімінің бастығы. 1998-2001 жылдары — Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының бастығының бірінші орынбасары. 2001-2005 жылдары Кентау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, Шымкент қаласы ішкі істер басқармасының 2-полиция бөлімінің бастығы болды.
2013 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы ңшкі істер департаменті бастығының қызметін атқарып келген болатын.