ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

411
ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыңнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов осылай деп мәлімдеді.

ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

Орталық директорының айтуынша, рұқсат құжаттарын рәсімдеу аясында биылғы 11 айда кәсіпкерлерге 3 мыңға жуық рұқсат құжат алынуына көмек көрсетілген.

— Бұл бағытта жылдық индикатор 2500 қызмет болып бекітілсе, жоспар 105 пайызға орындалып отыр. Биыл кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтаған 705 кәсіпкер 2,5 млрд теңге көлемінде қаржы алып, өз бизнестерін дамытуға кіріскен. Қалған оқудан өткен тыңдаушылыр құжаттарын қаржы институттарына тапсырып, қаржыландыруды күтуде, — деді Ғани Әріпұлы.

Айта кету керек, қаржыландырылған жобалар негізінен мал шаруашылығы, егіншілік пен өндіріс және қызмет көрсету салаларына бағытталған.

ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

Бұдан бөлек құны 1 млрд. теңгеден астам сомаға 47 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне және 196 кооператив мүшесіне 240-қа жуық бизнес-жоспар әзірленген. Нәтижесінде 47 кооператив пен 88 кооператив мүшесі жалпы сомасы 891 млн теңгеге қаржыландырылып отыр.

Қазіргі таңда «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру үстінде. Атап айтқанда бүгінде кеңес беру қызметі тесттік жүйеде онлайн түрінде іске асып келеді. 2018 жылдан бастап бірқатар қызметтерді онлайн режиміне өткізу жоспарлануда.

Орталық қызмет көрсету жүйесін бұдан әрі оңтайландырып, жетілдіре түсу үшін ұтымды жобалар мен тиімді технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыра түспек.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі