ОҚО спортшылары 2017 жылы 1454 медаль жеңіп алды

637
ОҚО спортшылары биыл 1454 медаль жеңіп алды

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 2017 жылды жемісті аяқтады. Олар түрлі спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 400 алтын, 396 күміс, 393 қола медальға қол жеткізсеАзия чемпионаттарында 78  алтын, 53  күміс және 42 қола медальге ие болды.

ОҚО спортшылары биыл 1454 медаль жеңіп алды

Осы мерзім аралығында оғландарымыз түрлі спорт бойынша өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 34  алтын, 21 күміс және 37 қола медаль жеңіп алдыОсылайша оңтүстікқазақстандық спортшылар жыл басынан бері түрлі спорт түрінен 1454 медальға қол жеткіздіБұл Елбасының қазақстандық спортқа көрсетіліп жатқан қолдауы мен спорттың дамуына үлкен мән берілуінің нәтижесі дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.

ОҚО спортшылары биыл 1454 медаль жеңіп алды

Мамандардың айтуынша, жалпы облыс көлемінде 63 спорт түрлері дамытылуда. Ал өңірде биыл 8 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 173 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 794 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған.

ОҚО спортшылары биыл 1454 медаль жеңіп алды

Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 4614 іс-шаралар өткізіліп, оған 541 мыңнан аса адам қатысты. Ауылды жерлерде 2884 спортты іс-шара өткізіліп, оған 332 мың адам қамтылды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны  767,8 мыңнан астам адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 26,3 пайызды құрады.

Бұдан бөлек Қазақстан премьер-лигасында «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі