Оңтүстікке «Нұр Отан» партиясының хатшысы келді

464
Оңтүстікке

Әлеуметтік саланы дамыту еліміздің бас партиясының назарынан тыс қалған емес. Бүгін күнгейдегі білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов өзі келіп тексерді. Іс-сапармен келген мәртебелі мейман облыс активімен жиын өткізіп, нұротандықтарды халықтың мұң-мұқтажына баса көңіл бөлуге шақырды.

Еліміздегі көшбасшы партияның хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов алдымен облыстық филиалдың ғимаратында жақында ашылған құқықтық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Бұл бастама жергілікті халықты толғандырған мәселелерді дер кезінде шешуге бағытталған. Жоғары мәртебелі қонақтың жұмыс сапары облыс әктивімен кездескен жиынға жалғасты. Онда мемлекеттік бағдарламалардың Оңтүстік өңірінде орындалуын талқыланды.

Оңтүстікке "Нұр Отан" партиясының хатшысы келді

Саяси партияның міндеті айқындалғаннан кейін жиынға қатысушылар білім саласындағы апатты, үш ауысымды мектептердің проблемасын шешу жолдарын талқылауға көшті. Жағдайды реттеуге қатысты ұсыныстар да айтылды.

Мектеп директорларын тағайындау, сынып бөлмелері жетіспейтін білім ордаларының мәселесін «Нұр Отан» партиясының мүшелері білім саласының мамандарымен бірігіп шешетін болды. Денсаулық сақтау саласындағы дәрі-дәрмек бағасына, емханалар мен ауруханалардағы қызмет көрсету сапасына көңіл бөлу қажеттігі баса айтылды.

Оңтүстікке "Нұр Отан" партиясының хатшысы келді

Жиында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылып жатқан мәселелер де назардан тыс қалмады. Ғабидулла Әбдірахымов бастаған топ ОҚМУ жастармен кездесіп, түсқайта Төлеби ауданында болып, Леңгір қаласы тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиын өткізді.

Шынар Оразова