Úı ANONS Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

фото gov. kz

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның баспасөз қызметі растады. Компания өкілдерінің мәліметінше, Ғабидолла Әбдірахымов компаниядағы жұмысына 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскен.

Еске сала кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 2015–2017 жылдары және 2018–2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған.

 Ғабидолла Әбдірахымов экономика және басқару саласында білім алған, соның ішінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие. Ол мемлекеттік қызметте, президент әкімшілігінде және Қазақстан үкіметінде жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар, мәдениет және спорт вице-министрі лауазымдарында еңбек еткен.