Оңтүстікте қатты дауыл коллеждің шатырын ұшырып әкетті

333
Оңтүстікте қатты дауыл коллеждің шатырын ұшырып әкетті

Оңтүстікте қатты тұрған дауылдың салдарынан колледждің шатыры ұшып кетті. Оқыс оқиға Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы №9 колледжде болған. Мұнда спорт залының 432 шаршы метрі ұшып, бүлінді. Абырой болғанда, құтқарушылардың мәліметінше, зардап шекккендер жоқ.

Колледждегі спорт залдың шатыры ұшып кеткенімен, дене шынықтыру сабағы тоқтатылмады. Білім ордасының басшысының сөзінше, аудандық әкімдік және облыстық білім басқармасының қолдауымен қажетті материал сатып алынған. Қазір колледж ұжымы асар жолымен жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Болат Жанәбіл, колледж директоры: «Бүгін материалдар жеткізілді. Жөндеу жұмыстарын колледж қызметкерлері бірігіп жасауда. Ертең жөндеу жұмыстарын толық аяқтаймыз.»