«Шубамания» шымкенттік сәнқойларды жаңа жыл қарсаңында да қуантуды жалғастыруда. Тондар жәрмеңкесі әр тұтынушың қалауы мен талғамын ескере отырып, мерекелік жеңілдіктер жасауда. Сан түрлі ішіктер мен тиімді баға. Өзіңізге немесе өзгеге тосын сый жасауда үлкен мүмкіндікті сіз де жіберіп алмаңыз.
Бұлғынның бағалы, қаракүзеннің сәнді, түлкінің жұмсақ, сусардың сусап тұратын жылтыр терісі мен қаракөл терісі. Ішіктің 3000-нан астам түрі. Мұның барлығы — «Шубамания» жәрмеңкесінде. Санынан жаңылмаңыз, өйткені сапасы сізді қапы қалдырмайды. Бастысы қаласаңыз, кеңесшілер талғамыңызға сай қажетті үлгіні таңдауға көмектеседі. Оның үстіне «Шубаманияда» барлық тонға жаңа жылдық жеңілдіктер жүріп жатыр.
Сәнді әрі бағалы ішікті армандап жүрсеңіз, енді оған қол жеткізудің сәті түсті. «Шубаманиядағы» маусымдық жеңілдіктер өте тиімді бағада сырт киімдерді сатып алуға мүмкіндік береді. Сатушылардың айтуынша, ең соңғы үлгідегі таза теріден тігілген ішіктерге шымкенттік арулардың қызығушылығы жоғары көрінеді. Оған Оңтүстіктегі ауа райы да өте ыңғайлы екен.
Татьяна Кирьянова, сатушы-кеңес беруші: «Жаңа жыл қарсаңында біз тұтынушыларымызға арнап көптеген жеңілдік жасап отырмыз. «Шубамания» өнімдері сапасымен ерекшеленеді. Біздің жәрмеңкеден ресейлік, скандинавиялық, финдік қаракүзен терісінен тігілген киімдерді табуға да болады. Барлығы ішіктердің үлгісіне байланысты.»
Жағалы киім таңдауда қателеспейін десеңіз, «Шубаманияға» келіңіз. Сән-салтанаты келіскен ішіктер әрдайым сән сахнасынана түспейтіні анық. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Темірлан тасжолы, 19.
«Әл Фараби» сауда үйінің жанында.
Махаббат Әбдешова