Шымкенттегі физика және математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі халықаралық мектептер серіктестігінің мүшелігіне қабылданды. Бұл — халықаралық білім беру жүйесіндегі мектептерді аккредитациядан өткізетін және оқытудың озат әдістерін әзірлейтін ұйым.
Енді бұл мүшелік мектептің үнемі өзін-өзі кемелдендіруіне зор мүмкіндіктер ашты деуге болады. Мысалы, білім ошағының ұстаздары шетелдің үздік білім ордаларында дәріс беруге мүмкіндік алды. Ал оқушылар тәжірибе алмасу үшін қыр асып, білгенін жетілдіре алады, шетелдік білім мекемелерінде білім ала алады. Тек ағылшын тілін білуі жеткілікті. Айта кетейік, бұл статусқа ие болу үшін білім ұясы үш жыл бойы арнайы құрылған комиссияның тексеруінен өткен.