Мемлекеттің мүлкіне қол сұғатындар көбейді. Бүгін белгілі болғандай, Әкімшілік іскерлік орталығындағы ең үлкен субұрқақтың 400 метрден астам желісі қолды болыпты.Сала мамандарының айтуынша, бұл саябақтағы алғашқы ұрлық емес.
Өткен жылы сол фонтанның су шашатын қондырғылары және 6 қырым қарағайының көшеті де ұрланған екен. Орын алған келеңсіздік жайында жауапты мамандар тез арада құқық қорғау қызыметкерлеріне хабар берген, суыққолдыны іздестіру шаралары басталап кетіпті.
Естеріңізге салар болсақ, бұл саябақтың аумағы 6 гектардан астам. Мұнда 2 мың түп ағаш егілген.
Нұрлан Күдерұлы