Мароокода (Агадир қаласы) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При кезеңінде 66 келіге дейінгі салмақта белдескен Ерлан Серікжанов жүлдегер атанды. Ол финалда Андриян Гомбичке есе жіберіп, күміс медальға ие болды, деп хабарлайды inform.kz
Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде франциялық Алистер Уардты, екінші кездесуінде Михаил Пуляевты ұтты. Ширек финалда словениялық Андрез Жеребті, жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Өкінішке қарай, дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Ерлан Жақсыбеков жұбаныш финалында Андраз Жеребке (Словения) есе жіберіп, жарыста жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандықтың дәл осы Гран При турнирінде топ жарғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.