Психикалық ауытқуы бар науқастарды емдеуге Ресейден білікті мамандар келді

673

Психикалық ауытқуы бар науқастарды емдеу үшін Шымкентке Ресейден білікті мамандар келді. Шетелдік дәрігерлер бүгін Облыстық психоневрологиялық диспансерде ғылыми – практикалық семинар өткізді.

Семинарда психикалық бұзылыстары бар пациенттерге арналған терапияның жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Айта кетейік, ресейлік дәрігерлер Шымкентте бір күн бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ, науқастарды қабылдап, қажетті жағдайда ем тағайындамақ.

Шетелдік мамандардың сапары еліміздің өзге де облыстарында жалғасады.
Ресейден келген дәрігерлерлер Шмилович А. А. Ресей Федерациясы, Н. И. Пирогов атындағы РҒЗМУ психиатрия және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы: «ДДҰ мәліметтері бойынша шизофрения ауыр психикалық бұзылыс болып табылады. Бүкіл әлемде бұл дерттен 21 миллионнан астам адам зардап шегеді. Оңтүстік Қазақстан облысының 14 ауданында тұратын пациенттер үшін заманауи мерзімі ұзартылған антипсихотикалық препараттар қол жетімді Қазақстандағы бірден бір облыс болып табылады».

Семинарға қатысу үшін Қызылорда, Жамбыл, Ақмола облыстарынан психиатрлар келді.