Судья пара алды ма?

442

Мұны сот шешетін болады. Ал қазір Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотында экс судья Абай Ниязбековке қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы Мақтарал аудандық №2 сотының судьясы қызметін атқарған. Экс судьяға ҚР ҚК нің 366 бабы, қомақты пара алды деген айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Ниязбеков 2018 жылдың қаңтар айында құрықталған еді. ҚР Сыбайластыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы мен ҚР Жоғарғы Сотының жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздік қызметінің бірлесіп жүргізген іс шарасының нәтижесінде экс судья қолға түсіп, қамауға алынған еді. Мақталы өлкеде  судьялық қызметте болған айыпталушыға  қарауындағы істердің бірін шешіп беру үшін 500 мың теңге алды деген айып тағылып отыр.