«Түнгі сот» жобасы талқыланды

441

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.А.Сүлейменованың қатысуымен «Түнгі сот» пилоттық жобасы бойынша кеңес өтті.

Бұл жиынға облыстық прокуратура, ішкі істер органдары, адвокаттар алқасы, сақтандыру компаниялары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында пилоттық жоба тетіктері жан-жақты талқыланып, Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Аждарқызы қызығушылық тудырған сұрақтарға, толыққанды жауаптар берді.

Кеңес нәтижесінде оған қатысушылардың барлығы пилоттық жобаны қолдайтындықтарын мәлімдеді. Сонымен қатар, талқыланған мәселе бойынша ұсыныстарды әзірленіп, Жоғарғы Сотқа жолданатын болды.