Úı ANONS Алғаш рет өңірлік журналистерге мемлекеттен пәтер беріледі

Алғаш рет өңірлік журналистерге мемлекеттен пәтер беріледі

фото Ақорда

Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Өйткені өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі.

Биыл мерекеге орай 66 адам журналист мемлекеттен пәтер алады.

 

«Соңғы үш жылда Астанада 200 журналист баспанамен қамтамасыз етілді. Қазір бұл бастаманың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Жаңалықтарға талмай үлес қосып жүрген аймақтық тілшілердің жұмысы тиісті назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмам бойынша биыл алғаш рет аймақтарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілттері табысталады», – деді президент.