ҰБТ: 140 балл қай өңірдің еншісінде?

799
Zakon.kz

Елімізде ҰБТ сынақтарының аяқталуына да аз уақыт қалды. 11 жыл бойы алған білімдерін сарапқа салған түлектердің алғашқы легі ұлттық сынақты тапсырып та бітті. Сүрінгендер де, бар, сүйіндіргендер де бар.

Еліміз бойынша ең жоғары яғни, 140 балды алматылық түлек Шиара Құдайбергенова жинады. Табысты түлек Алматы қаласындағы 123 мектеп-гимназиясын бітірген. Ол 25 маусымда тест тапсырған.

Ал күнгейліктердің арасында да жоғары балға жетеқабыл жинағандар бар. Шымкенттік екі оқушы ең жоғары көрсеткіш – 138 бал жинады. Ол №35-ші және №23-ші мектептің түлектері. Өкінішке қарай, қала мектептері оқушыларының арасында 0 бал жинаған ұл-қыздар да бар.