Кореялық компания Шымкентте алып тұрғын үй кешенін салмақ

404

Бүгін Шымкентте тарихи маңыздылығы зор оқиға болды. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Шымкент қаласының әкімдігі және кореялық «Хайгвилл» компаниясының арасында үшжақты меморандум бекітілді.

Оның негізінде «Шымкент сити» жаңа тұрғын үй қалашығына алғашқы кезеңде 160 млрд-қа жуық теңгеге инвестиция салынады! Кореялық құрылыс компаниясы қаланың солтүстігінде орналасқан аймағынан 51 гектар жерге он екі орамнан тұратын тұрғын үй кешенін салады.

5 мың пәтерлі көпқабатты түрлі санаттағы тұрғын үйлер болмақ. «Хайгвилл» компаниясы 30 жылдық тарихы бар, Қазақстан мен Кореяның құрылыс нарығында үздік сапалы қызметтері үшін көптеген марапаттарға ие болған танымал компания.

Нұрлан Күдерұлы