Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 маусым 2018 жылғы бұйрығымен Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Ж.Нұрғали 30 қаңтар 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған, білімі жоғары. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені — әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны — Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.