Түркістанда жантүршігерлік апат болды.

Түркістан қаласында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Апаттың қатты болғаны соншалық көлік жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза болды. Мұндағы жол көлік оқиғасына құтқарушылардың көмегі қажет болды. «Мерседес» жеңіл көлігі мен  жүк көліктері соқтығысқан.

Жол оқиғасы көше қиылысында орын алған. Нәтижесінде жүк көлігі жеңіл көлікті жанынан келіп соғып, бірнеше метрге сүйреп кеткен. Жеңіл көліктегі жүргізушінің денесін құтқарушылар әрең дегенде шығарып алды.

Ал, рефрижератор жұк көлігі аударылған күйі 10 метрдей тас жолмен сырғып тоқтаған. Абырой болғанда жүргізуші аман. Алған ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Енді істің анық-қанығын жол сақшылары анықтауда.