Бас қаланың мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті

639

Отанымыздың жүрегі Астананың 20 жылдық мерейтойын күллі Қазақстан жұрты ерекше ықыласпен атап өтуде. Бас қаланы туған күнімен құттықтауды шымкенттіктер апта бұрын бастады. Күні кеше айтулы күнге орай өткен мерекелік концертті тамашалауға келгендердің санында шек жоқ. Әрбірінің жүзінде қуаныш, көңілдері көтеріңкі. Олардың әрқайсысының жүрегінде Астана асқақтай берсе деген шынайы тілек бар.

Мерекелік кеш әдеттегідей елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтті. Әншілер Елордаға деген махаббатын әсем әндерімен жеткізсе, бишілер мың бұралған биімен өз сезімін паш етті. Өнерді әрқашан жоғары бағалайтын күнгейліктер қосыла ән шырқап Шымқала аспанын жүрек тебірентер әуенге бөледі.