Úı ANONS Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Сурет М.Жолдыхожаевтың әлеуметтік парақшасынан алынды

Олимпиада жүлдегері Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады.

Салтанатты табыстау барысында Мұрат Жолдыхожаев «Бүгін Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясы үшін маңызды күн болды. Қазақстандық зілтемірші, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлды Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындап, куәлігін табыстадым. Жазира – тек Олимпиада жүлдегері ғана емес, табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісі. Оның тәжірибесі мен білімі өңіріміздегі ауыр атлетиканың дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Алдағы уақытта жас спортшыларды қолдау, жаттықтырушылармен жүйелі жұмыс жүргізу және халықаралық деңгейдегі нәтижелерді арттыру бағытында бірлесе еңбек етеміз. Жаңа қызметіңіз құтты болсын, Жазира! Шымкент спортының абыройын бірге асқақтатайық!», — деді.