Úı ANONS Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жер сілкінісі сезілді

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жер сілкінісі сезілді

Фото: ratel.kz

2025 жылғы 6 қазанда Астана уақытымен 1:29 минутта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ҰҒСНИ сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде Қырғызстан аумағында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошақтық тереңдігі 10 шақырымды құрады. Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің күші Жамбыл облысының жекелеген аудандарында (Тараз, Сарыкемер, Аса, Бауыржан Момышұлы) және Түркістан облысының (Түлкібас ауданы, Леңгір қаласы) 4,0 баллға дейін жеткен.

Шымкентте және Жамбыл және Түркістан облыстарының бірқатар аудандарында жер сілкінісі Рихтер шкаласы бойынша 3,0-ге жетті. Басқа елді мекендерде Рихтер шкаласы бойынша 2,0-ге дейінгі жерасты дүмпулері сезілді.