Облыстық клиникалық аурухана мамандары «Триаж» жүйесі бойынша біліктіліктерін арттыруда

1258

Облыстық клиникалық аурухана мамандары «Триаж» жүйесі бойынша біліктіліктерін арттыруда. Медициналық мекемеге «Астана» оқу клиникалық орталығынан тәжірибелі мамандар келіп, шұғыл медициналық қызмет көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді. Дәріс 12-шілдеге дейін жалғасады.

Халықаралық шұғыл жәрдем стандарттары бойынша медициналық көмек көрсету сабақтары облыстық клиникалық аурухана базасында өтіп жатыр. Симуляциялық тренингке 200-ден аса мамандар қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Астана қаласынан келген тәжірибелі мамандар жарақат алғанда госпитальға дейін шұғыл көмек көрсету, жарақатты таңып беру және жүрек талмасында алғашқы жәрдем көрсету жолдарының жаңа тәсілдерін меңгеруде.

Жақында ғана халықаралық аккредитациядан өткен облыстық клиникалық аурухана басшылығының талабы тым қатал. Мұндағы мамандарға кез-келген жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсете білу жүктелген. Сондай-ақ, медициналық мекеме «Триаж» жүйесіне енгізіліп, қабылдау бөлімі жаңа қондырғылармен толықтырылған. Ендігі мақсат науқастарға шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсету.

Айта кетейік, сумиляциялық оқыту семинары 12 -шілдеге дейін жалғасады. Дәріс соңында, біліктілігін арттырғандарға арнайы сертификат табысталады.