«QAUYN FEST» тамыз айының соңында өткізілмек

408

Тамыз айының 24-і күні Мырзашөл өңірі Жетісай ауданының орталығында «Qauyn fest» облыстық фестифалі өтеді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Шараға дайындық жұмыстары осыдан 2 ай бұрын басталып кеткен болатын. Маңызы зор фестивалді Жетісай мен Мақтаарал ауданы  әкімдігі бірігіп өткізгелі отыр.

Фестиваль облысымызда алғаш рет өткізілгелі отырғандықтан дайындық жұмыстары да қарқынды жүруде. Шараның мақсаты – Түркістан облысының оның ішінде Жетісай мен Мақтаарал аудандарындағы бағбандардың мәртебесін өсіріп, мырзашөлдің ең дəмді қауындары мен қарбыздарын насихаттау. Шара осы үдеден шығады деген сенім бар. Жетісай қаласында өтетін шараға облыстан 300-ге жуық қонақ келеді деген болжам бар. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан да мәртебелі меймандар шақыртылмақ.

Фестиваль барысында ірілеген бұрынғы Мақтарал ауданына қарасты барлық ауыл округ әкімдіктері өз мүмкіндіктерін паш ететін болады. Шара қонақтарына қауын-қарбыздан әзірленген 10-нан астам өнім түрлері тарту етіледі. Оның ішінде қауын қақ, қауын құрт, түрлі тосаптар да бар. Шара соңы мерекелік кешке яғни, өнер майталмандарының əн шашуымен аяқталмақ.