Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 11 адам астан уланып қалды

445
Baq.kz

Қаладағы тамақтану орындарының бірінде астан жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Түркістан облыстық Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Мерекелік кешкі астан кейін 11 адам өздерін жайсыз сезініп, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Оқиға 5 -ші тамыздан 6 -сына қараған түні орын алған.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК «Санитарлық және гигиеналық талаптарды бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.