«Самал» шағынауданын қақ жарып өтетін Т.Өтегенов көшесінің ұмыт қалған бөлігіне жан біте бастады. 5 жыл бойы тас, топыраққа көміліп жатқан көшеге жақын арада су жаңа асфальт төселмек. Жолдың алғашқы бөлігі 2012 жылы пайдалануға берілген болатын.
Бірнеше шақырымға созылып жатқан көшенің 400 метрін жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Мердігер мекеме «Атем Транс Жол» ЖШС-і бүгінде қазу жұмыстарымен айналысуда.
Мамандар жолдың бұл бөлігі жыл соңына дейін тапсырылады деп отыр. Жұмыс әлдеқашан ерте басталуы қажет екен. Алайда инженерлік коммуникациялар кедергісін келтіріпті. Бастысы мердігер мекеме бүгінде жұмысты ертерек аяқтау үшін қызу кіріскен.
Нұрлан Күдерұлы