Ағымдағы жылдың 27 тамыздан 5 қыркүйекке дейін қала аумағында Республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайтын анықтау. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасына шамамен 40-қа жуық полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері, әкімшілік, білім беру, денсаулық сақтау салалары жұмылдырылған.
Аталған іс-шараның 2 күнінде түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 14 жасөспірімді анықтап, Ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-ден таңғы 6-ға дейін болуы» әкімшілік хаттама толтырылды. Бейімдеу орталығына кәмелетке толмаған 3 жасөспірім жеткізілді.
Іс-шара аясында Абай ПБ-нің қызметкерлері ІІО-ның тізіміне 2 жайсыз отбасын есепке алып, ал тізімдік есепке 3 жасөспірімді тіркеді.
Еске салсақ, бұл іс-шара қала аумағында 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы