Úı ANONS Шымкентте полиция қызметкеріне қол көтерген жасөспірім сотталды

Шымкентте полиция қызметкеріне қол көтерген жасөспірім сотталды

фото uralskweek.kz
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған А.-ға қатысты ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 1), 5) тармақтарымен (билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) айыпталған.
А. 2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданында орналасқан үйдің ауласында орын алған төбелес бойынша шақыртумен оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отырған қызметтік автокөлігін теуіп, автокөліктен сыртқа шыққан қызметкерлерге бағынбаушылық танытып, соңғының бетінен соққы жасап, адам денсаулығына зиян келтірмейтін жарақаттар келтірген.
 
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер жаза тағайындауды соттың құзырына қалдырды
Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкінуін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлатаын мән-жайлар анықталмады. Сот, кәмелетке толмаған А.-ны ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 1), 5) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл 4 төрт ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді