Úı ANONS Полиция қызметкерін жұдырықтаған жасөспірім сотталды

Полиция қызметкерін жұдырықтаған жасөспірім сотталды

Сот полиция қызметкерлеріне күш қолданған жасөспірімнің бас бостандығын 1 жыл 4 айға шектеді. Қалалық соттың дерегінше, іс қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Оқиға өткен жылдың қараша айында 18 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Аулада төбелес болып, полиция шақырылған. Сот мәліметінше айыпталушы полиция қызметкерлердің көлігін теуіп, қызметкерлерге бағынбаған және жұдырық ала жүгірген. Сөйтіп адам денсаулығына зиян келтірмейтін жарақат салған.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Прокуратура соталушыға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленушілер жаза тағайындауды соттың құзырына қалдырған. Жасөспірім кінәсін толық мойындаған. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген.

 

Дилара Иса