Келес АІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда ағымдағы жылдың тамызында белгісіз тұлғалар жайылымнан құны 100 мың теңге тұратын сиыр ұрланғаны көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес АІІБ-нің полицейлері күдікті ретінде өз істерін мойындаған Түркістан облысының екі тұрғынын ұстаған.
Қазіргі таңда мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатысы бар-жоғын анықтауда.
Сондай-ақ, Бәйдібек АІІБ-нің полицейлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстаған. Осылайша, полицияға жергілікті тұрғын арызданған, онда жайылымынан құны 30 мың теңге тұратын қойы ұрланды деп көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша Бәйдібек АІІБ-нің СДТБТ-не тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстаған. Өз ісін мойындаған ұсталғаннан тәртіп сақшылары ұрланған малды айғақты зат ретінде тәркілеп алған.
Қазіргі таңда мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.