«Изуми» сауда желісі Египетке жолдама сыйлады

510

«Изуми» сауда желісінің сатып алушылары Египетте демалады. Бас жүлдеден құр қалғандарының өзі «Изуми тауға» барып, қонақ болады. Тұтынушыларын тосын сыймен қуантуды әдетке айналдырған компанияның ұтыс ойыны өтті.

Бренд көйлек көншек сатып алғанды жақсы көретіндер «Изуми» сауда үйінің ауласына жиналды. Ұтысқа қатысушылардың 50 — ден астамына киімдер мен акссесурарлар сынды бағалы сыйлықтар бұйырды. Ал үшеуі «Изуми Тау» тау отеліне шақырту ұтып алды. Ал Египетке он күндік жолдама Елена Юнға бұйырды.

Елена Юн, жеңімпаз: «Мұндай ұтыс ойындарына бірінші рет қатысып отырмын. Әлемді шарлап саяхаттағанды жақсы көремін. Ең сапалы аяқ киімді тек «Изумиден» сатып аламын. Египетке саяхат бұйырғаны үшін қуаныштымын».

Динара Нұрмаханова, жеңімпаз: «Мен ұтысқа ылғи қатысатын едім. Бүгін бірінші рет ұттым. «Изуми тауға» шақырту билетін алдым. Демалыс үшін таптырмас орын. Қуанышымда шек жоқ. Алғысым шексіз. Изумиге» рақмет».

Санжар Еділ, жеңімпаз: «Біз костюм сатып алып едік. Ұтысқа купон алдық. Сөйтіп «Изуми тауға» бір күндік шақырту билетіне ие болдық. Енді ата-анаммен бірге демалысқа баратын болдым».

«Изуми» сауда желісі жүйелі түрде өз клиенттерін қуантып келеді. Ұйымдастырушылар әр ұтыс сайын тосын сый дайындауға әуес. Бұл жолы да базарлыққа бай болды.

Камила Ахмедова, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Біз бұл жолы Египетке, сосын «Изуми тау» қонақ үйіне үш жолдама ойнаттық. Бұдан бөлек, Энрико Маринелли, Джиованни Джентелли, Кардуччи, Симони, Сильвия Тотти секілді танымал брендтерден сый сияпатымызды үлестірдік».

«Изуми» сауда желісі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында да тағы да ұтыс ойындарын ұйымдастырмақ. Сондықтан да қатысуға осы бастан асығыңыз. «Изуми» сауда желісімен сәнді, стильді киінуді ұмытпаңыз.

Жанар Есенбекова