Үшінші мегаполис тұрғындары «Қала күнін» жазда атап өтеді. 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының туған күні 19 маусымда тойланатын болады.
Шаhар басшысы қала күнiн Елбасының Жарлығына сай, дәл осы күнді белгiлеудi ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бiрауыздан қолдады. Еске салайық, биылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Шымкентіктер жыл сайын 25 қазанда Қала күнін атап өтетін. Осы күні түрлі іс-шаралар өткізіліп, жылдық еңбек қортындыланатын. Мұны қала тұрғындары да жақсы біледі. Бүгін думанды кешті күткендері де көп болды.
Шымкенттіктер мегаполис тұрғыны атанғаннан бері, қандай шешім болса да жатырқамай қабылдайды. Бұл өзгерісті де тарихи шешімге балап, оң бағалады. Ең бастысы, қаланың көркейіп, гүлденгенін қалайды.
Нұрлан Күдерұлы